ӘР БАСШЫ ХАЛЫҚТЫҢ КӨКЕЙТЕСТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ШЕШУГЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАЙДЫ

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай Департамент) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, техникалық реттеу, метрология және сәйкестікті бағалау саласында Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» және «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» заңнамаларын басшылыққа алып, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарын және экономикасын өлшем құралдарының дұрыс жасамау салдарынан зардап шегуінен қорғау;

2) барлық материалдық және энергетикалық ресурстарының есептілігінің анықтығын қамтамасыз ету;

3) іргелі зерттеулер мен ғылыми әзірлемелеріндегі өлшеулердің дұрыстығын қамтамасыз ету;

4) диагностикалық зерттеу және науқастарды емдеу, еңбек жағдайларымен тұрмыс жағдайларын бақылау, қозғалыстағы қауіпсіздікті сақтау, қоршаған ортаны қорғау саласында өлшем құралдарының дұрыс жасауын қамтамасыз ету.

5) сәйкестік бағалаудың туралығы; тұтынушылардың құқығын қорғау салаларында қарайды.

6) Өтініштердегі негізгі маңызды сұрақар, расталмаған өлшем нәтижелерінің салдарынан тұтынушылардың мүдделерін қорғау болып табылуда.

Қазақстан Республикасының Заңнамаларының нормаларына түсіндірме беру және де Департаменттің құзырына жататын басқада сұрақтар бойынша өтініштер қаралды.

Тұтынушылардың өнім, қызмет, процесстік мәселелерін шұғыл түрде шешу мақсатында, Департаментпен ақпараттық-түсіндірме жұмыстары тұрғылықты түрде атқарылуыда.

Сонымен қатар, Департамент басшысымен техникалық реттеу, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу мәселелер бойынша жеке қабылдау жүргізіледі.

А. НАРЫМБЕТОВА,

Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаменттің бас маманы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика