2024-09-20

«Сағадат батыр» спорт клубында грепплинг күресінен ашық турнир өтті

tories/001sivi1.jpg» border=»0″ />

Елімізде спорт саласына, соның ішінде ауыл спортына көп көңіл бөлініп жатыр. Бұл ауыл жастарына жасалып жатқан үлкен мүмкіндік екені анық. Осы тұрғыдан алғанда «Сағадат батыр» атындағы спорт клубы өте жоғары дәрежеде жұмыс жасап келеді. Аталмыш клуб мүшелері, жас жеткіншектеріміз көптеген жарыстарда жалауымызды биікте желбіретіп жүр.

tories/001sivi3.jpg» border=»0″ />

Жуырда осы Алматы облысы, Іле ауданы М.Түймебай ауылындағы «Сағадат батыр» спорт клубының ұйымдастыруымен Грепплинг күресінен ашық турнир өтті. Негізгі мақсат – жасөспірімдерді салауатты өмір салтына тәрбиелеу және ауыл спортын дамыту. Сондай-ақ, алда келе жатқан жарыстарға дайындықты шыңдау болатын. Жарысқа «Сағадат батыр» спорт клубының балалары мен Іле ауданындағы басқа да спорт клубтарының қатысушылары келді.

Бұл жарыс алдағы болатын қалалық, республикалық жарыстарға іріктеу болды. Жарыстан бірінші және екінші орын алған спортшылар 20-21 қаңтарда өтетін грепплингтен Алматы қаласының чемпионатына қатысады. Жүлделі бірінші, екінші және үшінші орын алған спортшылар арнайы медальмен және дипломмен марапатталды. Осы турнирге арнайы келген   «Сағадат батыр» халықаралық қайырымдылық қорының президенті Махмұт Ыбырайханұлы Нәлібаев жарысқа қатысушы жас спортшыларға ақ батасын беріп, сәттілік тіледі. Ашық турнир барысында халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Сағадат батыр» спорт клубының бас бапкері Орынбасаров Нұрсұлтанға және осы клубтың бапкері Айтпанбет Саматқа Махмұт Нәлібаев мырза  «Кейкі батыр» медалі табысталды. Сондай-ақ, жарысқа қатысушы кішкентай жеткіншектерге Махмұт мырза марапаттаулар жасады.

tories/001sivi2.jpg» border=»0″ />

Қазіргі уақытта «Сағадат батыр» спорт клубының спортшылары еліміздегі мықты спортшылар қатарында. Бұл клубта жаттығатын спортшылар Джиу-джитсу, грепплинг күресі бойынша әлем, азия чемпионы атанып ел намысын халықаралық ареналарда қорғап жүр.

tories/001sivi4.jpg» border=»0″ />

«Сағадат батыр» спорт клубының бас бапкері Нұрсұлтан Орынбасаров турнир жайлы:
«Алла қаласа, алдағы уақытта «Сағадат батыр» спорт клубы тек елімізде емес əлем бойынша алдынғы қатарда тұратын болады. Біздің мақсатымыз – қазақ елінің батырларының ерлігін жастарға насихаттап, бойларына патриоттық рух беріп, ауыл балаларын үлкен спортшы етіп  тəрбиелеу. Ауыл спортының дамуына барынша жұмыс жасап жатырмын. 3 жылдан астам уақыт тек осы ауылдық жердегі спорт клубты дамытып, ауыл балаларын әлемдік аренаға шығарып, оларды чемпион етіп, ауылдық жерлерде турнирлер ұйымдастырып жүрмін. Осындай іс-шараларымызға үнемі қолдау көрсетіп, ауыл балалары дегенде үнемі қасымыздан табылып,  өзінің ақ батасын жас спортшыларға беріп жүрген Махмұт Нәлібаев ағамызға үлкен алғыс білдіремін. Осындай жанашыр ағаларымыз  бар кезде ауыл спорты тек қана дамитыны сөзсіз»,- деп өз пікірін білдірді.

Турнир жеңімпаздарын құттықтаймыз. Болашақта әлемдік деңгейде жалауымызды желбірете берулеріне тілектеспіз.

«Қызмет» ақпарат

Яндекс.Метрика