2024-09-20

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ОРЫНБАСАРЫ ШЫМКЕНТТЕ

Шымкент қаласына Нұр-Сұлтаннан арнайы үкіметтік жұмыс тобы келді. Олар – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев, Білім және ғылым министрі К.Шамшидинова, Денсаулық сақтау вице министрі Л.Ақтаева және Құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М.Жайымбетов.

tories/00mi.jpg» border=»0″ />

Азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын түсіндіру мақсатында табан тіреген бұл топты ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастап келді. Аталған жұмыс тобы қалалық орыс драма театры ғимаратында көп балалы аналар, аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті. Жалпы, 500-ден астам адам қатысты.

Бұл жиында Г.Әбдіқалықова Елбасының «Әлеуметтік қамсыздандыру» жаңа әлеуметтік шараларының іске асырылу барысын хабардар етсе, ал Б.Сапарбаев ведомствоның халықтың табысын арттыру және аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау бойынша қабылдаған шаралар туралы айтты.

Үкіметтік жұмыс тобы үшінші мегаполистегі іссапардан соң, Түркістан облысына қарай бет алды.

Яндекс.Метрика