2024-09-20

Жастар және кәсіпкерлік психология жайында еңбек таныстырылды

Шымкент қаласы А.С.Пушкин атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында «Менің балам – көшбасшы» кітабының тұсаукесері өтті. Бұл еңбек – кәсіпкер Г.Меңлібекованың алғаш жарық көрген жинағы. Кітапта бала тәрбиесінде осы заманғы көшбасшылық пен кәсіпкерлік қасиеттерді сіңіре отырып, бала қабілетін дамыту тақырыбы көтеріледі. Көпшілікке танымал жазушы, тарихшы М.Әбдіәкімұлы алғы сөз сөйлеп, кітаптың тұсауын шешіп берді.

tories/0p.jpg» border=»0″ />

Кітап авторы тұсаукесерге қатысушы оқырманға өзінің еңбегін таныстырып, қазіргі заманның ағынына қарай жаңа ілімдер үйрену құпиялары туралы семинар өткізді. Бала тәрбиесін қолға алу тақырыбында қызықты деректерге тоқталып, өзінің жеке өмірі деректерімен сабақтастыра, адамның жеке қабілеттері мен білімін ұдайы жетілдіріп отыру арқылы жастарға стимул берудің тәсілдерін әңгімеледі. Яғни, оқырмандарға бағытталған семинар мәні «баланы дамыту үшін алдымен өзіңді дамыт» дейтін жеке ұстанымына негізделді. Еңбекте кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық секілді экономикалық нақты тақырыптар, психология, еңбекті бағалау, қоғамтану секілді адамның өзін-өзі тану ілімдері, сонымен қатар,  нумерология сияқты абстрактілі ұғымдар қамтылған.

Айта кетсек, бұл іс-шара Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көтерілген «Туған жерге туыңды тік» бөлімі, кітапханалық «Атамекен» жобасы, 2019 жыл – «Жастар жылы» және А.С.Пушкин атындағы кітапхананың 120 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған.

«Қызмет — ақпарат»

Яндекс.Метрика