2024-09-20

А.ШІЛМАНОВ: «Ең күрделі салалар: денсаулық сақтау, білім беру және полиция»

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспары. 13-қадам: ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру.

А.ШІЛМАНОВ: «Ең күрделі салалар: денсаулық сақтау, білім беру және полиция»

Бұл пікірін Айбек Шілманов Шымкент қаласындағы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы ғимаратында Нұр-Сұлтан қаласындағы ақпараттық алаңынан бейнебайланыс арқылы өткен брифингте БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.

tories/000.jpg» border=»0″ />

Одан бөлек, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Айбек Ақбергенұлы: «Агенттіктің негізгі мақсаттарының бірі – жемқорлықпен күресте қоғам өкілдерін барынша қоса отырып, олардың пікірлерін тыңдау. Бұл маңызды. Неге десеңіз, жемқорлықпен күресте қоғамның орны өте жоғары. Жемқорлықты жоюда тек мемлекеттік мекемелердің күші жеткіліксіз, оған мүмкіндігі де жоқ. Сол себепті, қоғамның барлық өкілдері оған ат салысып, өздерінің үлесін қосып отыру қажет. Сондықтан біз қоғамдық өкілдердің пікірлерін дер кезінде біліп отыруды мақсат еттік» дей келе, қорытынды сөзге көшті:

«Мамандардың айтуынша, еліміз бойынша денсаулық сақтау, білім беру және мемлекеттік сатып алу салаларында сыбайлас жемқорлық көп кездесетініне ерекше тоқталып жатады. Бұның себебі аталған салалар азаматтардың күнделікті өмірі мен әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететіндіктен болар. Бұл салалар бойынша агенттікпен тиісті жұмыстар жүргізілді. Соның ішінде, Елбасының тапсырмасына сәйкес, «Shymkent Adaldyk Alany» жобалық офисі ашылған болатын. Біз де өзіміздің деректерімізге сәйкес, Шымкент қаласындағы ең күрделі мәселе ретінде үш саланы айта аламыз: денсаулық сақтау, білім беру және полиция. Бұл үш саланы жеке тоқталып атауымыздың себебі, осы салалар бойынша азаматтардан көбірек шағым түседі және қаламыздағы мәселелері ең көп салалар деп есептейміз. Бұл шешімімізге қоғам өкілдері де сауалнамалық таңдау жасаған. Осының арқасында аталған салаларда жауапты органдармен бірлесе тиісті шараларды бастап кеттік. Сарапшылық топтар құрып, ол топқа қоғам белсенділері, қоғамдық ұйым өкілдері, мемлекеттік емес ұйымдардың мүшелері немесе қарапайым ғана қоғамға бей-жай қарай алмайтын кез келген белсенді азамат қатыса алады. Ол үшін жобалық офиске келіп тіркелу керек. Осылайша қоғаммен кері байланыс орнап, сыбайлас жемқорлықпен күрес процесіне азаматтар да араласу және күрес барысының атқарылуына көз жеткізу мүмкіндігін алады. Қала тұрғындарын «Shymkent Adaldyk Alany» жобалық офисінің жұмысына қосылуға шақырамын» деп орынбасар ойын түйіндеді.

«Қызмет — ақпарат»

Яндекс.Метрика