2024-09-21

Қазақ үшін ең ауыр күн

Қазақ елінде 31-мамыр «Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» күні аталып өтіледі. Шымкент қаласында бұл еске алу қаланың жаңа іскерлік әкімшілік орталығындағы «Қасірет» мемориалында жыл сайын аталып өтіледі. Биыл да бұл дәстүр жалғасты.

tories/00ky.jpg» border=»0″ />

Таңғы 8-ден бастап жинала бастаған қаралы жиынға қатысушылар саны мың адам төңірегінде болды. Митинг «Ана мен бала» ескерткішіне гүл қоюдан басталып, алаш арысы М.Жұмабаевтың «Абақтыда айдан, күннен жаңылдым…» өлеңімен ашылды. Бір минут құрбандарды еске алу үнсіздігінен кейін қала әкімі Ғ.Әбдірақымов сөз алып, зобалаң жылдардың қасіреті туралы баяндады. Зиялы қауым өкілдері мен тарихшылар «Қызыл қырғын» заманында қазақ халқының тартқан зардаптары жөнінде сөз қозғады. Ашық аспан аясында сахналық көріністер қойылып, қатысушылар көздеріне жас алып жатты.

Осы «Қасірет» мемориалы орналасқан аумақта өткен ғасырдың 30-шы жылдары «халық жауларын» оққа байлағандықтан жергілікті жұрт «Албастысай» атап кеткен. Мұнда 16 мың адамның қаны төгіліп, сүйегі қойылған дейді ақсақалдар. Сондықтан болар, бұл жерге келіп, өз беттерінше ата-бабасының рухтарына арнайы құран бағыштап жүрген кісілер көп болды. Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алатын жалпыхалықтық құбылыс болып келе жатқанына бүгін көз жетті. Көзіне жас алған қарт пен мұрны пысылдап құран аяттарын күбірлеген жастарды көрдік. Қайғы мен қасіретті еске түсіріп қана қоймай, тарихтан сабақ беретін, ұлтты ұйыстыратын мұндай қаралы жиынның жастарға берері молдығына көз жетті. Бұл күн – қазақтың үштен бірінен айырылған кезеңі мен арыс азаматтарын еске алу күні. Бабалар рухын ұмытпайық!

«Қызмет – ақпарат»

 

Яндекс.Метрика