2024-09-21

Барыс болатын елде Арыс деген қала бар

Қазақстан – 2050

«Қазақстан – 2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

7. ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ

Біздің бұл бағыттағы басты мақсатымыз қарапайым және түсінікті: біз қоғамдық келісімді сақтауға және нығайтуға тиіспіз. Бұл – біздің мемлекет ретінде, қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір сүруіміздің айнымас шарты. Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі.

tories/25102019-1.jpg» border=»0″ />

 

Адамдықтың үлгісі бар, АРЫСТА!

 

Арыс. Бұл атауды еске ала қалсаңыз, әлі де жарылыстан бас сауғалаған нөпір, баласын жетектеген анамен қатар бір-біріне көмек қолын созған қалың қазақ суреті көз алдыңызға келетін болар, әлде… Уақыт адам сияқты артына қарайламайды, зымырай берді. Арыста орын алған апатқа да төрт айдың жүзі болыпты. Жарылыста жәрдемдесуге асыққан ағайын қираған қаланы да қайта келтіруде аянбады. Елін, халқын, АДАМДЫ сүйіп құрметтейтінін көрсетті, үлгісіне айналды. Бүгінде Арыс қаласы толық қалпына келіп қана қоймай, жаңарып та қалды. Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің айтуынша, қаланы қалпына келтіру жұмыстары кезінде бұзылып бүлінген дүниені бүтіндеумен ғана емес, сапалы жаңартуды баса назарға алынған.

Арыс қаласын қайта қалпына келтіру үшін аумақ 17 секторға бөлініп, олар республиканың облыстары мен қалалары және Түркістан облысының аудандарына бекітілген еді. Сондай-ақ, қаладағы маңызды нысандардың қалпына келтірілуіне ұлттық компаниялар да атсалысқан болатын. Солардың бірі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ. Бүгінде бұл ұлттық компания Арыс қаласындағы өзіне бекітілген нысандарды толық қайта қалпына келтіруді аяқтап, пайдалануға беріп отыр.

Осыған орай, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қайта қалпына келтірген нысандарды көзбен көру және пайдалануға беру мақсатымен АҚ Басқарма төрағасы А.Есімов және Түркістан облысының әкімі Арыс қаласына іс-сапармен келді. Алдымен, Ахметжан Смағұлұлы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге қор қаржыландыруымен күрделі жөндеуден өткен «Ақнұр» балабақшасында болды. 65 жыл бұрын кірпіші қаланған ғимарат апат кезінде қатты зардап шеккен болатын. Бала бақша тек қалпына келтіріліп қана қоймай, жаңа жабдықтармен де жабдықталып отыр. Бұл мекеме қаладағы темір жол саласы қызметкерлері балаларын тәрбиелеумен айналысып келген. Бұдан кейін Арыс-1 темір жол вокзалына баратын жолда «Батырлар аллеясын» жаяу аралап өтіп, қаланың ақсақалдарымен кездесті. Жергілікті қариялар өз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. А.Есімов Арыс ақсақалдарымен кездесуі кезінде құрылыс сапасы туралы айта келіп, бағасын тұтынушы ретінде тұрғындар беретінін, ең басты мақсат халық ризашылығына бағытталғанын айтты. Ақсақалдармен кездесуден соң «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы облыс басшысымен бірге толықтай жаңартылған теміржол вокзалында болып, күрделі жөндеу нәтижесімен танысты. Іс сапар жаңғыртылған «Арыс» футбол стадионында жалғасып, аймақ басшысы Ө.Шөкеев пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы А.Есімов жаңа нысанды пайдалануға еру салтанатына қатысты. 1200 орынға лайықталған жаңа футбол алаңы Ө.Шөкеев пен А.Есімов жас спортшылармен бірге футбол алаңында доп теуіп, ҚР 2-ші лигасында топ басында тұрған «Арыс» және «Ордабасы-М» командаларының доп додасын, ойынды ашып берді.

 

tories/25102019-2.jpg» border=»0″ />

Ө.Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:

«Арыс оқиғасы – мемлекеттің мықтылығын көрсетті»

Биылғы 24-ші маусымда Арыс қаласында алапат жарылыс болды. Сол күннен бастап бұл қалада жаңа тарих басталды деп айтсақ болады. Бір жағынан жағымсыз жағдай – апат болса, екінші жағынан ел бірлігін көрсеткен қайта жаңару жұмыстарына ұласты.

Қайта қалпына келтіру жұмыстары қаланың 17 секторына бөлініп, республиканың әр өңіріне бекітілсе, қаладағы әлеуметтік нысандарды «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ өз мойнына алған болатын. Қандай да бір ірі шара қолға алынатын болса, оның қаржылық мәселесін шешу ұзақ процесс болады. Ал, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ болса, аталған қиындықтарға қарамай, сол күні-ақ қайта қалпына келтіру жұмыстарына қаржы бөлді. Соның нәтижесінде Арыстағы әлеуметтік нысандар: мектептер, емханалар, ауруханалар, спорт нысандары толық қалпына келтірілді. Мектептер жаңа оқу жылына сақадай сай тұрды. Соның бірі осы футбол стадионы. Мұндай стадион біздің облысымызда жоқ.

Арыс оқиғасы – мемлекеттің мықтылығын көрсетті. Екі айдың ішінде бір қаланы толық қалпына келтіру – мемлекеттің мықтылығы деген сөз. Мұны Елбасының еңбегінің жемісі деп түсіну керек. Өмір жалғасады. Қазір жап-жаңа, керемет қала болды.

 

О.Арыстанбаев, Арыс қаласының тұрғыны, ардагерлер кеңесінің мүшесі, Арыс қаласының құрметті азаматы:

«Арыс адам танымастай өзгерді»

Біздің Арыстағы жағдайды бүкіл қазақ елі естіп білді. 24 маусым күнгі жойқын жарылыстан кейін қаланы қайта қалпына келтіруде орасан зор жұмыс атқарылды. Бұл жұмысты Елбасымыз Н.Назарбаевтың өзі тікелей қадағалап отырды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев та оқиға болған күні кешкісін эвакуациялық пунктерде болып, қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың толық қалпына келтірілетініне сендірген болатын.

Бүкіл қазақ елі жабылып, жұмыс атқаруының арқасында қалада 7162 үй қалпына келтірілді. Бұл дегеніміз, 40 мыңға жуық халқы бар жаңа, ажарлы әдемі қала пайда болды деген сөз. Одан бөлек, 474 үй жаңадан құрылысы басталып, аяқталуға жақын. Оның өзі 3 мыңнан астам тұрғыны бар жаңа бір ауылдық округ пайда болды деген сөз емес пе? Жалпы, қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталғалы, Арыс қаласы жаңа кейіпке енді. Бес ай алдын көрген адам қаламызға қайта келсе, танымастай өзгерді.

tories/25102019-3.jpg» border=»0″ />

А.Қаныбекова, «Ақнұр» балабақшасының меңгерушісі, «Білім беру ісінің үздігі» медалінің иегері:

«Жаңа маусымға толық әзірлікпен бастадық»

«Ақнұр» балабақшасында қайта қалпына келтіру жұмыстары 1 шілдеде басталып, 15 тамыз күні толық аяқталды. Ал біздің мекеме балаларды 21 тамызда қабылдап үлгерді.

Жарылыс кезінде бұл балабақша ғимаратының терезелері шағылып, шатыры ұшып, есіктері зақымданған болатын. Жөндеу көрмегеніне де біршама уақыт болып, тозығы жетіп тұрған еді. Қазір толық жаңартылып қана қоймай, жаңа жабдықтармен де қамтылып отырмыз. Жарылыс болған сәтте 112 бала осында болған. Балаларды ата-аналары алып кетіп жатты да, тек 6 баланы әке-шешесі алып үлгермеді. Алты баланы тәрбиешілер бөліп-бөліп алып кетіп, сол күні кешке дейін ата-аналар қолына аман-есен тапсырған болатын.

«Ақнұр» балабақшасының құрылғанына 65 жыл болды. Ең алғаш ашылған 1954 жылдан бері мұнда теміржолшылардың балалары тәрбиеленген болса, кейіннен қала қарамағына өтіп, жекешеленіп бүгінге дейін жұмыс атқарып келеді. Менің бұл балабақшада меңгеруші болып қызмет етіп келе жатқаныма 23 жыл болды. Мұнда 5 топқа бөлініп, 120 бала тәрбиеленеді. Бала бақша 3 тілде жүргізіліп, балаларға үйретеді. Қазақша, орысша және ағылшынша. Мұнда қазір 31 қызметкер еңбек етеді, оның 14 қызметкері тәрбиеші болса, оның жоғары санаттысы 3, бірінші санатты 7, қалғаны екінші санаттағы мамандар, санатсызы жоқ.

 

tories/25102019-4.jpg» border=»0″ />

А.Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы:

«Атқарылған жұмыстардың бағасын тұрғындар береді»

Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен әлеуметтік нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстарына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ да етене араласты. Біз нысандарды белгіленген мерзімде әрі сапалы орындадық деп сеніммен айта аламыз. Атқарылған жұмыстардың бағасын тапсырыс берушілер мен тұрғындар береді. Жаңа ғана қалалық білім бөлімінің басшылығымен кездестік, жөндеу жұмыстары жүрген бала бақша нысанына қатысты шағымдары жоқ, барлығы сапалы болғаны туралы айтты.

Біздің ұлттық компанияға қаладағы барлық мектептер, ауруханалар, жалпы әлеуметтік нысандарды қалпын келтіру тапсырылса, оның барлығы оқу маусымы қарсаңында толық пайдалануға берілді. Бізге тапсырылған 17 мектеп, 36 бала бақша, 8 аурухана нысандарында жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, бірнеше қосымша нысандар болса, соның бірі осы стадион еді. Мұнда да жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалауға беріп отырмыз. Дәл қазір командалар арасындағы футбол матчы басталды, осымен біз міндеттемемізді тәмамдап отырмыз. Барлығы 66 нысанға 7 млрд теңге қаржы жұмсалып, жұмыстар атқарылды. Ал осы стадионның өзіне 240 млн теңге қаржы жұмсалды. Атқарылған жұмыстарды көзбен көріп, нысандарды облыс басшылығына тапсыру үшін арнайы келіп тұрмын.

 

 

Бүгінде Арыс қаласы толық қалпына келіп қана қоймай, жаңарған кейіпке еніп тұр. Жайнаған аллея, жарқыраған вокзал, қызыл-жасыл шатырлы үйлер, жаңарған әлеуметтік нысандар. Мұның барлығы Арыста. «Барыс болатын елде Арыс деген қала бар» деп сазгер Е.Серікбаев айтпақшы, қаланы көріп ел болашағына сенесің. Бұл қала – қауіп сағаты туғанда қазақ елінің ауызбірлігін көрсеткен тұтас кешенді ескерткіш қала секілді көріне береді.

С. Дүйсебайұлы

Фото А.Әссандидікі

Яндекс.Метрика