Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, поэзия патшайымы, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80-жылдығына арналған «Жыр — менің жалғыз тарланым» атты еске алу кеші өтті. Кеште ақынның жарқын бейнесі еске алынып, өмірі мен шығармашылығынан сыр шертілді.
tories/05122019-1.jpg» border=»0″ />
Поэзия әлеміне өзгешілік әкелген, халықтың сүйіспеншілігіне бөленген Фариза Оңғарсынова «Сандуғаш», «Дауа», «Маңғыстау маржандары», «Мазасыз шақ», «Көгершіндерім» т.б. көптеген кітаптардың авторы. Ол халық қалаулысы, қоғам қайраткері ретінде мемлекеттігімізді нығайтып, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Өр рухты, нөсер жырларымен әр қазақтың жүрегіне жол тапқан Фариза Оңғарсынова дүниеден өтсе де, оның шығармалары мәңгілік өміршең болып, жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі қалатыны сөзсіз.
Оқырмандар арасынан Ербек Бакиев, Гулмира Оразова, Мадина Ермаханова, Анара Ташметова, Тойгүл Раджапова, Тоғыжан Камал, Бекжан Нұраддин ақын апамыздың тың туындыларын жатқа оқыса, Балташ Еңсепбаев, Ақмарал Басымбек ақынның сөзіне жазылған әндерді орындап көпшіліктің қошеметіне бөленді. Кітап көрмесіне ақын Ф.Оңғарсынованың ЖБШ, БНШ, «сөйлейтін» кітаптары қойылып, оқырмандарға шолу жасалынды.
Мадина Ермаханова
Шымкент қалалық арнайы кітапханасының «Тифлология» бөлімінің тифлолог-редакторы
Leave a Reply