2024-09-21

«Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті

«Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шара аясында Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданының Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналдық полиция қызметкерлері ойын-сауық кешендерін, букмекерлік кеңсе, дүкендер мен демалыс орындарын аралап, рейд жүргізді.

tories/05122019-4.jpg» border=»0″ />

Тексеру барысында түнгі уақытта жүрген 6 жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБтК 442-бабы 2-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылып, 1 жайсыз отбасы профилактикалық есепке алынды. 7 білім беру ұйымдарының оқушыларына Еңбекші АПБ-ның қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында дәрістер өткізді.

Шымкент қаласының ПД-нің Баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика