2024-09-21

Рухани жаңғыру – тек тақтайшадағы ғана көрініс емес, идеяны санаға сіңіру

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы – қоғамдағы өзекті мәселелерді қамтитын ауқымды мақала. Оған барлық мемлекеттік органдарымен қатар Шымкент қаласының Ішкі саясат және дін істері басқармасы да тікелей атсалысуда. Көптеген тапсырмалар келіп түсті, соның ішінде осы «Рухани жаңғыру» бағытын жүзеге асыру, насихаттау бойынша арнайы бөліктері бар. Атап айтсақ, «Туған жер» бағдарламасы, прагматизм, сананың ашықтығы, мәдениеттің салтанат құруы. Ақпараттық толқын осы бағыттағы айдарлар бойынша  өткен жылы біз үлкен іс-шара жоспарын бекіткен болатынбыз. Сол жоспар негізінде биыл жыл басынан бері бірқатар іс-шаралар өткізіліп келеді.

tories/08122019-6.jpg» border=»0″ />

Қала көлемінде «Рухани жаңғырудың» 77 шарасын бекіттік. Оның көбісі осы әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асты. Соның ішінде қаржы қаралғандары да, қаржы қаралмай таза ұйымдастыру шараларымен жүзеге асырылған шаралар да бар. Мегаполис мәртебесін алғаннан кейін ішкі саясат басқармасы құрылып, осы «Рухани жаңғыру» офисін қалыптастыру бойынша  «Шымкент медиа» «Шымкент келбеті» газетінің ішінен арнайы тоғыз штаттық бірліктен тұратын бөлім құрдық. Олар Рухани жаңғыру бөлімінің жетекшісі, салаға жауапты маманы, бағдарламаға, ақпараттық блогына жауапты, ұйымдастырушысы сынды тоғыз адамнан құрылған. Қазіргі таңда бұл бөлім әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығына орналастырылды. Себебі, рухани жаңғыру мен салт-дәстүр бір-бірімен тығыз байланысты.  Екеуінің де бағыты бір. Біздің өз салтымызға жаңаша көзқараспен қарау, рухани жаңғырту. Жаңғырту дегеніміз –  өзгерістер емес, сананың ашықтығы. Бағдарламада айтылғандай бәсекеге қабілетті ел қалыптастыру, жастардың санасын қазіргі заманға сай өзгерту. Ескі стереотиптерден жаңа арнаға бет бұрып, техниканың дамыған заманында соған бейімделе отырып, санамызды жаңғыртуға бағытталған. Бұған қоса ұлттық құндылықтарды да ұмытпау. Рухани жаңғыру аясында бізде 732 іс-шара өткізілді. Бұл шаралардың ұйымдастырушысы біз болғанымен, контингенті мәселен, жастар басқармасы немесе  білім басқармасы болуы, ардагерлер ұйымы, үкіметтік емес ұйымдар болуы  мүмкін.  Бұл жалғыз ішкі саясаттың жұмысы емес, барша халық осы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіне отырып, соған қарай бейімделу. Бұл бір үлкен идеологиялық бағдарлама. Негізгі мақсаты – халықтың санасын  жаңғырту, яғни жаңа заманға бейімделген жастарды тәрбиелей отырып, тарихымызды, салт-дәстүрімізді ұмытпай, сонымен байланыстырып, ұштастырып жаңа бағытта дамыту. Үлкен стратегиялық құжат. Өздеріңізге белгілі, 2030, 2050 стратегиялық бағыттарында осы тармақ қаралған.

Рухани жаңғыру бағытының жүзеге асырылуының басы, аяғы болу мүмкін емес. «Ұлы даланың жеті қыры» деп тарихымызды тануымызға бағытталған  арнайы ауқымды кең мақала жарияланды. Жалпы алғанда, өзіміздің ұлттық санамызды дамыту, ұлттық болмысты жоғалтпау. Біздің ең басты құндылықтарымызды жаңғырта отырып даму, әрбіріміз өз-өзімізді іштей тәрбиелеу,  ескі көзқарастардан арылып, заманға қарай бейімделуге арналған құжат. Көпшілік кейде мұны тек ішкі саясаттың жұмысы деп бұрыс қабылдап жатады. Бұл көзқарас дұрыс емес.

Рухани жаңғыру тек тақтайшада ғана көрініс таппай, іс жүзінде орындалуы қажет. Негізгі бағыт – белгілі бір идеяны санаға сіңіру. Санаға сіңіру арқылы адам өзін дамытады.  Мұнда арнайы бір индикатор, көрсеткіш жоқ. Халықтың тіршілігі, мәдениеті, тарихты білуі, сананың ашықтығы, білімді ұрпақтың болуы, салт-дәстүрін білуі, тағы басқа барлығы осы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылып жатқанын көрсететін дүниелер.

Идеология өз жемісін бірнеше жылдан кейін береді. Бірінші бастама – насихаттау. Ол мемлекеттік ақпарат арқылы насихатталады. Халықтың санасына күнделікті өткізіліп жатқан іс-шаралар мен насихат жұмыстары арқылы енгізіледі.  Рухани жаңғыру 2017 жылғы 12 сәуірден бастап енгізілгелі бері көпшілік «100 жаңа есім» жобасын алғашында түсіне алмады. Қазіргі күннің батыры, ғылыммен айналысатын немесе ерлік көрсеткен, көшбасшылық қасиеті бар, өзінің кәсібін ашқан немесе ғылыми өзгеріс енгізген, туған жеріне жақсы, игі істер жасаған, тағы басқа да адамдарды қоғамға таныту. Тарих беттерінде қалған бұрынғы батырларды емес, қазіргі күннің көзі тірі арамызда жүрген тұлғаларды насихаттап, үлкен бір стимул беріп, халыққа таныту мақсатында жүзеге асырылып жатқан жұмыс. Әр бағдарламаның көзделген салалық жүйесі болады. Соның ішінде латын әліпбиіне көшу жобасы да бар. Халықтың латын әліпбиіне ақырындап көзін үйрету бойынша да тың тірліктер атқарылуда. Мәселен, өздеріңізге белгілі мемлекеттік рәміздерден бастап латын әліпбиіне көшу жұмыстары жүргізілген болатын. Жаңа кітаптарды енгізу арқылы да көрініс тапты. Бағдарламаның аясында «100 жаңа оқулық» ғылыми жобасы да жүйелі жүзеге асырылған. Әлемдегі танымал 100 оқулық мемлекеттік тілімізге аударылып ЖОО-на, барлық кітапханаларға таратылды. Оны танып, білу сонымен қоса өзіміздің әдебиетпен салыстыра отырып, халықтың санасын, ой-өрісін кеңейту –  мұндағы басты мақсат. Дүниежүзіне белгілі клпссикалық әдебиеттерді оқыту. Біздің азаматтардың соны танып, білуінің өзі – өркениетке деген үлкен бір қадам деп ойлаймыз.

Киелі жерлеріміз туралы да арнайы бөлім қаралған. Киелі жерлеріміздің тарихын халыққа таныту, оған келетін туристер санын арттыру. Бұл атқарылар дүниенің барлығы әрбір салаға қатысы бар.

Руханиятпен байланысты шараларды мақсаты, негізіне қарай айқындауымызға болады. Туристік бағыттар бойынша QR-кодтар орналастырылды, яғни смарт телефон арқылы қарасаңыздар тарихын көре аласыздар.

Сонымен қатар  қала көшелерінің жиегіне өткен замандағы  және қазіргі кезеңдегі ақын-жазушылар мен ойшыл тұлғалардың қанатты сөздері, өлеңдері жазылған  баннер, билбордтар орнатудамыз. Әр халықтың өзінің жүректі тербететін, рух беретін ұлттық коды болады. Оның бірқатары  осы поэзия, қара сөз арқылы беріледі. Жырауларымыздың, ұлы тұлғаларымыздың шығармаларын оқысаңыз, ұлттық тәрбие, ұлттық құндылықтар, Отанға, елге, тілге, тарихқа деген құрмет көрініс табады. Бұл да бір тәрбиелік мәні бар іс. Сондай-ақ салт-дәстүр орталығымен  де бірлескен көптеген шараларымыз жетерлік.

Инстаграмда, әлеуметтік желіде, қалалық «Шымкент келбеті» газетінде, телеарналарда арнайы мемлекеттік  тапсырыста бағдарламаларымыз бар. Ондағы мамандар  күнделікті атқарылып жатқан жұмыстарды жүктеп, салып отырады.  Меценаттармен де бірлесіп жасалған дүниелер де өте көп. Ол да осы елдің азаматтары халыққа жаны ашып, өзінің пайдасына емес, халықтың пайдасына жасалған дүние. Бұл – «Туған жер» бағдарламасына кіргізіледі. Мысалы, үлкен бір балабақша  салып, соны халықтың игілігіне, мемлекеттің балансына өткізген болса ол «Туған жер» бағдарламасына енгізіледі. Ал мәселен, ойын-сауық орталығын салып, бірақ ол өзінің жеке кәсібі, өзінің дүниесі болса, ол бағдарламаға енбейді.  Осындай айырмашылықтарды көпшілік түсіне бермей, қателесіп жататын жағдайлар кезігеді.

Тарихты таныту бойынша Шымкент шаһарындағы тарихы терең ескі қалашықта, яғни Цитадельде үздіксіз қазба жұмыстары жүргізілуде. 2200 жылдық тарихы бар көне қала деп ғалымдар өздерінің ғылыми дәлелдемелерін ұсынып жатыр. Мұның ең алдымен тарихымызды білуге, екіншіден шетелдік туристердің қызығушылықтарын танытуға септігі тиіп отыр.  Бұл да осы «Рухани жаңғыру» аясында іске асырылып жатқан дүниелер.

Келер жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы  болу – тарихымызды, салт-дәстүрімізді көрсету, елімізді, өлкемізді танытуға үлкен мүмкіндік. Осы шараның аясында жоспарларымыз да, біздің Мәдениет басқармасымен бірігіп атқаратын істер өте көп.

to, sans-serif; line-height: 1.1; color: #262a2e; font-size: 18px; background-color: #f5f5f5; text-align: right;»>Жанар БЕКТАЕВА

to, sans-serif; line-height: 1.1; color: #262a2e; font-size: 18px; background-color: #f5f5f5; text-align: right;»>Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы

to, sans-serif; background-color: #f5f5f5; text-align: right;»>Дереккөз: Шымкент Келбеті Ресми Парақшасы

Яндекс.Метрика