2024-09-21

Әлеуметтік қызметтер порталын түсіндіру жұмыстары жүргізілді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басым бағыттарының бірі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою. Осы орайда Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында жүргізілген талдау қорытындысы бойынша жиын өтті.

tories/08122019-18.jpg» border=»0″ />

Жиын барысында анықталған кемшіліктермен қатар, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін Әлеуметтік қызметтер порталын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шараға үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік сатып алу байқауына қатысушылар, Департамент, қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, мемлекеттік сатып алулар басқармасы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы өкілдері қатысты.

Дереккөз: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің фейсбуктегі парақшасы

 

Яндекс.Метрика