2024-09-21

Семей ядролық полигоны құрбандары мен ардагерлеріне құрмет

Шымкент қаласының «Ядролық соғыс қауіпінен отан қорғаушы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ядролық полигонның құрбандары мен ардагерлеріне» арналған ескерткіш ашылды. Салтанатты жиынды Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының бөлім басшысы Керімбеков Ерлан Мәдібекұлы ашып, өткен тарихқа тоқталып, ардагер қарттарымызға ыстық ықыласын жеткізді.

tories/09122019-7.png» border=»0″ />

Семей ядролық полигоны, Семей сынақ алаңы – КСРО Қорғаныс министрлігі мен Атом өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен құрылған, ядролық жарылыстар жүргізілген сынақ аймағы. Полигон бұрынғы Семей облысы, Абыралы ауданы, сонымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстарының біраз жерін қамтыды. Сынақ аймағында 1949–1989 жылдар аралығында 470-тей қуаты әр түрлі ядролық жарылыстар жасалды. Әуеде – 90, жер үстінде – 26, жер астында – 26. 1949 жылы 29 тамызда таңертеңгі сағат 6.30-да Абай және Абыралы аудандарында халыққа алдын ала ескертілместен қуаттылығы 30 килотонна болатын бірінші жарылыс жасалды. Мұнда 1951 жылы 18 қазанда уран бомбасы, 1953 жылы 12 тамызда жер үстінде дүние жүзінде алғаш рет қуаттылығы 500 килотонна болатын сутек бомбасы сыналған болатын. Бүгінде Семей полигонның жабылғанына да 28 жыл толып отыр.

Семей полигоны ардагерлері Байжанов Амангелді және Жүсіп Ахмет өткен естеліктермен бөлісіп, ұрпақ амандығын тіледі. Ардагер қарттардың ерен еңбектері ескеріліп, Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалығымен алғыс хаттарға ие болды. Еселі еңбегі үшін «АСЫЛ АРДАГЕР» төсбелгісімен Ережеп Қалдан қария марапатталды.

Салтанатты жиын соңы «Шымкент қаласы мәдениет үйі» әншілері Өсербай Бөріханов пен Нұрқожа Сейтжановтың әні шарықтады. Еліміз тыныш, көк туымыз бейбітшілік аспанында мәңгілік желбірей берсін.

Шымкент қалалық мәдениет басқармасы

Яндекс.Метрика