2024-09-21

Жастарды кереғар діни ағымдардың ықпалынан сақтау тақырыбында кездесу

Шымкент қаласындағы №129 жалпы орта мектеп оқушыларымен «Жастарды кереғар діни ағымдардың ықпалынан сақтау» тақырыбында кездесу өтті. Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Рысбеков Кенжебек жүргізді.

tories/09122019-19.jpg» border=»0″ />

Кездесуде қазіргі таңдағы еліміздегі діни ахуал, заңнамалық актілердегі өзгерістер мен толықтырулар, ғаламтордан келетін қауіп қандай, оны пайдаланудың тәртібі турасында сөз қозғалды. Қоғамда орын алып жатқан жағдайлар мен оқиғалар кеңінен түсіндіріліп, жастардың діни сергек, сауатты болу керек екені айтылды. Оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, тиісінше жауаптары берілді.

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»

Яндекс.Метрика