2024-09-21

Биыл 52 мемлекеттік нысан электронды аукционмен саудаға қойылған

Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 2019 жылы атқарған жұмыстары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуі негізі» атты жолдауын насихаттау аясында Шымкент қаласы әкімдігінің Шымкент мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің атқарылған жұмыстары жайында брифинг өтті.

tories/13122019-4.png» border=»0″ />

Ағымдағы жыл қорытындысы бойынша 52 республикалық мемлекеттік объекті электронды аукцион арқылы саудаға шығарылған. Сондай-ақ желтоқсан айында жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалармен 32 жалға беру келісім шарты жасалды. «Мемлекеттік органдардың алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын сақтамауын анықтау бойынша бірлескен жұмыс жүргізу туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес департамент Шымкент қаласындағы 34 мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің алаңдарына талдау жүргізген. Соның нәтижесінде анықталған артық жайларға мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері орналастырылып, үнемделген бюджет қаражаты 30 миллионға жуық теңгені кұрады. «Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасы бойынша бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық бөлімшелері орналасқан әкімшілік ғимараттары Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің теңгеріміне ғимараттарды күтіп ұстау қызметтерін қамтамасыз ету үшін берілген.

Ағымдағы жылы «Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасы шеңберінде департамент тарапынан теңгерімдегі әкімшілік ғимараттарын жаңарту бойынша бірқатар жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы орайда 2 әкімшілік ғимаратты жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу нәтижесінде 17 651,6 мың теңге қаражатқа келісімшарт түзіліп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, үнемделген қаржыға 6 әкімшілік ғимараттың ішкі және сыртқы элементтері мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз кіріп-шығуы үшін стандарттарына сәйкестендірілді.

А.Махашова

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика