2024-09-21

Игі істер Тәуелсіздік күні мерекесінде жалғасты

«Қайырымды қала» атануға ниетті Шымкент қаласында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай игі істер жалғасты. Қала әкімі Е.Айтахановтың тапсырмасына сәйкес, қаланың орталық «Ақмешіт» мешітінде Абай ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік қолдауға мұқтаж 100 отбасыға азық-түлік үлестіріліп, көмек берілді.

tories/17122019-6.jpg» border=»0″ />

Қала әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов, Абай ауданының әкімі Ғалымжан Төлепов тұрғындарды мерекемен құттықтап, ізгі ниеттерін жеткізді. Қайырымдылық шаралар мұнымен шектелмейтінін, қоғамдағы әлеуметтік әлсіз топ мүшелері қашан да қамқорлықтан тыс қалмайтынын атап өтті.

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика