2024-09-21

Мерекеге орай құтқарушылар да құрметке бөленді

Тәуелсіздік күніне орай адам өмірін сақтап қалған шымкенттіктер ерекше құрметке бөленді. «Ел бақытын тербеткен — Тәуелсіздік!» атты салтанатты жиында 11 жасар баланың өміріне төнген қауіптен аман алып қалған зейнеткер Оразкүл Айтжанова ҚР Президентінің «Құрмет Грамотасымен» марапатталса, мүгедектердің мүддесі мен қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі үшін «Сынақ» мүгедектер қоғамдық бірлестіктер қорының төрағасы Мұрат Жетпісбаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

tories/17122019-14.jpg» border=»0″ />

Аталған марапатты қала басшысы тапсырып, жанашыр азаматтарға зор алғысын білдірді. Сонымен қатар, қайырымды қаланың әр азаматы осындай қайсарлық танытып, өзгеге мейірімділік көрсететініне сенімді екенін жеткізді.

Қоғамдық қызметте белсенділік танытатын О.Айтжанова – төрт баланың анасы, 15 немеренің әжесі. Ал, қайсар мінезді М.Абдукаримұлы төрағалық ететін қоғамдық ұйым бүгінде аз қамтылған, мүгедек азаматтардың көптеген мәселелерінің шешімін табуына өз септігін тигізіп келеді.

Бұдан бөлек, мерекелік жиында ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Шымкент қаласының 39 азаматы ҚР Мемлекеттік наградаларымен марапатталды.

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика