2024-09-21

Қоғамдық келісім кеңесінің «Тәуелсіздік тірегі – татулық» тақырыбындағы отырысы

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің «Тәуелсіздік тірегі – татулық» тақырыбындағы отырысы өтті. Жиынға қалалық Ассамблея хатшылығының басшылығы, Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, аудан әкімдіктерінің қызметкерлері, қалалық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері қатысты. Шымкент қалалық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Рахманбердиев Көпшілікті Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

tories/17122019-32.jpg» border=»0″ />

Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Қалмұратов, қалалық корей этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Р.Пак, қалалық татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігінің төрайымы А.Мухаммедова ел егемендігі мен тәуелсіздігі тыныштық пен тұрақтылықтың арқасында толыққанды қалыптасқанын ерекше айтып өтті.

Мерекелік басқосуда еліміздің Тәуелсіздігі мен ел бірлігін нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматтар Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бiрлiк» алтын медалi» қоғамдық медалімен, «Жомарт жан» төсбелгісімен, Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталады.

Айта кетейік, өткен жылы қалалық ҚХА жанынан консультативті-кеңесші орган ретінде құрылған кеңестердің құрамына жүзге тарта белсенді тұрғын мүшелікке қабылданған болатын.

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика