2024-09-22

Аулаларын су басқан үйлерді тазарту жұмыстары қала әкімінің бақылауында

Шымкент қаласындағы Абай ауданына қарасты Қарасу көшесіндегі бірнеше тұрғын үйлердің жер асты сулары көтеріліп, аулалары мен жертөлелерін су басқан болатын. Бүгін осы мәселені арнайы өз бақылауына алған қала басшысы Е.Айтаханов оқиға орнын аралап шықты.

tories/18122019-1.jpg» border=»0″ />

Тұрғындармен тілдескен әкім тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтып, жауапты сала жетекшілеріне су тасқыны салдарын жоюға бағытталған нақты техникалық тапсырмалар берді. Сонымен қатар Ерлан Қуанышұлы алдағы уақытта осы сынды жағдай орын алмау үшін аталған аймақты зерделеп бұрын болған тік дренаждық жүйені қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтып, салалық басқармамен аудан әкімдігіне жобалық сметалық құжаттамаларын дайындауды міндеттеді.

Айта кетейік, Қарасу өзенінің жағалауында орналасқан жеке тұрғын үйлердің иелері жаз мезгілінде су деңгейін көтеру мақсатымен өздігімен рұқсатсыз өзен арнасында бөгеттер орналастырған. Жауын-шашын жиілігі және жер асты сулары көтерілуі салдарынан жоғарыда айтылған мекен-жайларды су басқаны анықталып отыр. Қазіргі уақытта су сору жұмыстарына 30 шақты қызметкер, 6 бірлік техника және 2 мотопомпа жұмылдырылды.

Абай Ауданы Әкімінің Аппаратының фейсбук парақшасы

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика