2024-09-21

«Рухани Жаңғырудағы БАҚ-тың маңызы» байқауының жеңімпазы анықталды

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының бастамасымен «Рухани жаңғырудағы БАҚ-тың маңызы» атты шығармашылық байқауын ұйымдастырып жатқаны белгілі. Осы күнге дейін Шымкент қаласында «Рухани жаңғыру» аясында атқарып жатқан нақты істерге негізделген жұмыстар қоғамға БАҚ арқылы көрсетілген болатын.

tories/18122019-6.jpg» border=»0″ />

Бүгін осы бағытта жұмыс жасаған БАҚ өкілдерінің арасында шығармашылық байқау жеңімпаздарын анықтау мақсатында комиссия отырысы өтті. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттердің орындалуына қолдау көрсетіп, оны халық арасында кеңінен насихаттап, Ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, «Рухани жаңғыру» құндылықтарын БАҚ арқылы кеңінен насихаттауға үлес қосып жүрген журналистерді ынталандыруды мақсат еткен байқау жеңімпазын анықтау оңай болған жоқ.

Дегенмен, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының: 1) «Бәсекелік қабілет», 2) «Прагматизам», 3) «Ұлттық бірегейлікті сақтау», 4) «Білімнің салтанат құруы», 5) «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», 6) «Сананың ашықтығы» бағыттарына сәйкес Шымкентте атқарылған шаралар бойынша ұсынылған материалдар мамандар тарапынан сараланды.

Байқаудың қорытындысы 2019 жылдың 20 желтоқсанында жарияланады.

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика