2024-09-21

Өңірдің тарихы мен мәдениетін таныстыруға арналған экскурсия

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жусан» операциясымен қайтарылған азаматшалар мен олардың ұл-қыздарын зайырлы қоғамға және дәстүрлі құндылықтарға бейімдеу мақсатында Оңтүстік өңірінің тарихы мен мәдениетін таныстыру үшін Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде іс-шара өткізілді.

tories/18122019-7.jpg» border=»0″ />
Іс-шара барысында балаларға, ересектерге арналған арнайы бағдарламалар жасалды. Келген қонақтар тарихи-өлкетану мұражайында Ұлы Жібек жолындағы Отырар, Сайрам, Түркістан сынды ежелгі қалалар мәдениетінен бүгінгі тәуелсіздік жылдарына ұласқан халықтың ежелден желісі үзілмей келе жатқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, өнері мен тұрмыстық бұйымдары көрнекіленіп, өлкенің 2,5 мың жылдық тарихына шолу жасап, сан алуан қызыққа толы музейдің экспозициялық залдары таныстырылып, көрермендер тарихтың өткен кезеңіндегі қоғамның өмірі мен өткенді еске түсіретін жәдегерлерді, түрлі ғасырларды қамтыған көрмелерді тамашалады. Сондай-ақ, іс-шара барысында келген қонақтарға музей экспозициясында көрініс тапқан археологиялық, тарихи, мәдени жәдігерлер туралы жан-жақты, толыққанды ақпараттар берілді.

Шымкент Дін фейсбук парақшасынан

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика