2024-09-21

Тарих. Салт-Дәстүр. Әжелер өнегесі

Тәуелсіздік күні баршамыз үшін ерекше қасиетті күн. Бұл күн — бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі ең алдымен халқымыздың бақыты, ұлтымыздың ұлы мұраты. Қазақстан Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай «Достық» музейінде «Тәуелсіз ел — тұғырым» атты танымдық сабақ өтті. Қатысушылар тәуелсіздік жолында еліміздің жүріп өткен қадамдарын документальді фильм арқылы тамашалады. Ел тарихы бойынша қойылған интеллектуалды сұрақтарға жастар жауап беріп, бірін-бірі толықтырып отырды.

tories/18122019-10.jpg» border=»0″ />
Қонақ ретінде шақырылған «Әжелер» ансамблінің мүшелері ата-бабамыздан мұра болып, ежелден сақталып келе жатқан салт-дәстүрлерді көрсетіп, олардың шығу тарихын баяндады. Жастарға өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақтауды тапсырды. Сабақ барысында қазақтың дәстүрлі әні шырқалып, күмбірлеген күйі тартылды. Көп тілеуімен келген Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!

Шымкент Оқушылар Сарайының фейсбук парақшасынан

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика