2024-09-21

Шәкіртақы 25 пайызға, жалақы 30 пайызға көтеріледі

Тәуелсіздік мерекесіне орай ОҚМУ оқытушылары жағымды жаңалықтармен қуанышқа бөленді. «Жастар жылында» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша студенттердің шәкіртақысын 25 пайызға көтеруді тапсырса, Д.Қожамжарова университет оқытушыларының жалақысын 30 пайызға көтермек.

tories/18122019-11.jpg» border=»0″ />

Бұл туралы университетте өткен Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған іс-шарада Дария Пернешқызы мәлімдеді. «Құрметті студенттер және ұжымдастар! Бүгінгі айтулы мерекемен баршаңызды құттықтаймын! Еліміздің байлығы Тәуелсіздікті сақтап, келесі ұрпаққа беру ол біздің қасиетті парызымыз деп есептеймін. Сондықтан, бүгінгі күн барлық азаматтар үшін, біздің болашақ жастарымыз үшін айтулы мереке. Сол мерекемен барлықтарыңызды тағы да құттықтағым келеді. Өздеріңіз білесіздер, 2020 жылдың 1 қаңтардан бастап, студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға көтерілді. Сондай-ақ, мен де әбден ойланып, 1 қаңтардан бастап оқытушы-профессор жалақысын 30 пайызға көтердім. Біз сапалы білім берумен қатар, университетіміздегі білім сапасын да арттыру керекпіз. Мүмкіндік пен жағдай жасылынуда, енді тек қана адал жұмыс атқару қалды. Сіздерді мерекемен құттықтай отырып, адалдыққа, сапалы жұмыс істеуге шақырамыз, құрметті әріптестер!»,- деді.

Жиында  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да бірнеше жыл тер төгіп, студенттерге білім берген оқытушы-профессорлар университет ректоры Д.Қожамжарованың қолынан алғыс хаттар мен марапаттарға ие болды. Соңы концерттік бағдарламаға ұласып, патриоттық әндер шырқалды, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын билер көрермен назарына ұсынылды.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ фейсбук парақшасынан

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика