2024-09-21

Жарқыраған түнгі Шымкент

Жаңа жыл жақындаған сайын Шымкенттің кешкі көшелері қыздың жасауындай қызылды-жасылды жарықпен әрленген әлемге енеді. Шелегін баса киген аққала, жаңа ғана аспаннан қонған Аяз атаның ақ шанасы, жарқырай құлпырған отты шыршалар, бәрі-бәрі бала қиялындағы ертегі әлемін көз алдыңызға әкеледі. Ойын қуған баланың бал шағы үшін осынау қиял-ғажайып ертегі әлемінен алған әсерінен асқан қандай қуаныш болсын? Осылайша түнгі Шымкент шамдары жарқырай өзіне елітіп, баурап алып кетеді.

tories/18122019-16.jpg» border=»0″ />

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика