2024-09-21

«Рухани жаңғыру» аясында өткен танымдық кеш

Шымкент қаласында орналасқан ОҚМПУ да «Ұлы Дала тарихи тұлғаларының кемеңгерлік, кемелділік және кеңдік қасиеттерінің тарихи сабақтастығындағы дәстүрлі ислам құндылықтары» атты рухани-танымдық кеш өтті. Жиын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында ұйымдастырылған болатын.

tories/01012020-15.jpg» border=»0″ />

Рухани-танымдық кешке Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істер басқармасы «Дін мәселерін зерттеу орталығы» КММ мамандары, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі мүшелері, ЖОО профессор – оқытушылары, студенттер қатысты.

Жиналғандар Ұлы Дала тарихи тұлғаларының кемеңгерлік, кемелділік және кеңдік қасиеттерінің тарихи сабақтастығындағы дәстүрлі ислам құндылықтары туралы ғылыми және фольклорлық деңгейлердегі мағлұматтар негізінде рухани-танымдық білім алды. Сол арқылы бүгінгі қазақтанулық бағыттағы білімдері артып, қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени өзгерістеріне жоғары мәдениетті деңгейде бейімделу мүмкіндіктері молайды.

Дереккөз: Рухани Жаңғыру Шымкент парақшасынан

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика