2024-09-22

Көненің куәгері қарт Сайрам

Тарихшылар Шымкент қаласының тарихы туралы әңгімелей қалса, «Сайрам оазисі» деген тіркеске соқпай кетпейді. «Шымкент» атауы тарихи жазба деректерде ең алғаш кезігетін Шараф-ад-дин Йездидің «Зафар-наме» («Жеңіс кітабы») еңбегінде Сайрам маңындағы кішігірім елді мекен ретінде аталып қалады. Қала тарихын Сайрамсыз елестету қиын екенін осыдан-ақ аңғаруға болады.

tories/19122019-1.jpg» border=»0″ />

«Көне Сайрам» тіркесі ертеректегі тарихшылардың еңбектерінде де аталып қалады. Мәселен, ортағасырлық тарихшы Рашид ад-дин «Жами ат-тауарих» атты еңбегінде Сайрам туралы тоқталып, «…Кары-Сайрам өте көне және аумағы тым үлкен. Осы қаланы көргендер, оның бір шеті­нен екінші шетіне жету үшін бір күн жүру керек және оның қырық қақпасы бар дейді. Бүгінгі уақытта онда түрік-мұсылмандар мекен етеді» деп таңданыспен жазады. Көне еңбектерде Сайрам атын әр кезеңде сан ал­уан атайды, оны бірде Исфиджаб десе, бір­де Мадинат ал-Байда, бірде Ақ ша­һар, бірде Орынкент деп атаған.

Тарихшылар Сайрам қаласының тарихын б.з. VI ғасырынан бастайды. Ал алғашқы жазба деректер VIІ ғасырдағы қытай жолжазбаларында (Сюань-Цзянь, 629 жыл) кезігеді. Сондай-ақ ортағасырлық авторлар әл-Якуби (ІХ ғ.), ибн Хаукаль (Х ғ.), әл-Мақсиди (Х ғ.), Қашқари (ХІ ғ.), Рашид ад-диннің (ХІІІ ғ.) еңбектерінде де аталады. Көне қала Ұлы Жібек жолының әсерімен Қарахан қағандығы (Х-ХІІІ ғ.ғ.) тұсында қатты дәуірлеп, атағы алыстарға кетті. Сайрам қаласы барлық кезеңде де сауда-саттық және экономикалық-әлеуметтік оқиғалар, әкімшілік және әскери қақтығыстар, діни және мәдени өзгерістер ортасында болып, қазақ халқының тарихында ең маңызды рөл атқарып отырды. Бұл қала Исламға дейін де түрлі діндер (зорастризм, манихеизм, буддизм, несториан, т.б.) мен мәдениеттердің таралуында ірі орталық болған. Бибі Мариям, Қызыр ата, Нұһ пайғамбар, Ыдырыс пайғамбарлар туралы аңыз-әпсаналар соның дәлелі. Ислам дінінің кең етек жаю процесінде Сайрамның алар орны ерекше. Бүгінгі таңда ортағасырлық бұл қала орнында тамаша сәулет ескерткіштері мен зиярат орындары көптеп саналады. Сансыз баптар мекені болашақта алыс-жақыннан келетін туристердің назарын аударатыны сөзсіз.

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика