2024-09-22

Қарашаш ана кесенесі

Қ.А.Яссауидің анасы – Қарашаш анаға орнатылған кесене Сайрам ауылының қақ ортасында, ескі қорымның шетінде орын тепкен. Кесененің дәл іргесінен Әмір-Темір көшесі өтсе, әріректе Ж.Сареми көшесі қиылысады. Бұл жер – Сайрамның тарихи орталығы саналады.

tories/19122019-7.jpg» border=»0″ />

Құрылыс ХVІІІ ғасырға жатқызылса, кей элементтеріне қарай ХІХ ғасырдың сәулет ескерткішіне қосады. Дегенмен, ХХ ғасырда қайта жөнделгені анық көрінеді. Құрылыс Оңтүстік Қазақстан территориясындағы кейінгі ортағасырлар дәуірінің порталды-күмбезді сәулет типіне жатады. Біркамералы шаршы тәрізді (6,3х6,3м) құрылыс кішірек барабан үстіндегі сфера пішінді күмбезбен жабылған. Күмбездің ішкі интерьері сыланған, жарықтандыру тор көзді-панджаралы терезе көзімен, ал фасадының декоративті жабдықталуы жинақы қаланған кірпіштермен шешімін тапқан. Мұнда ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүрген, шашының ерекшелігіне қарай кейіннен Қарашаш ана атанып кеткен бибі Айша ана жерленіпті. Кесенеге келетін зияратшылар мен туристер толастамайды.

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика