2024-09-22

Әбдел-Әзіз баб (Бәлегардан баб) кесенесі

Ислам діні енген дәуірдің көрнекті өкілі – Әбдел-Әзіз (Бәлегардан) баб. Халық аузындағы аңыздарда ол кісі жергілікті тұрғындарға ислам тарату мақсатында келген араб басқыншыларының ірі қолбасшысы ретінде айтылады. «Барлық қауіптен сақтаушы, бәле-қатерлердің алдын алушы» деп әспеттеліп, әулиелер мен баптардың үлкені деп саналады. «Бәлегардан баб» деген лақап аты соған байланысты қойылған.

tories/19122019-8.jpg» border=»0″ />

Әулие моласының үстіне орнатылған кесене Сайрам ауылы орталығындағы ескі мола арасында тұр. Бұл кесене ХІХ ғасырдың сәулет ескерткіші саналады. Ескерткіш құрылыс стиліне қарай Оңтүстіктің ортағасырлардағы культтік порталды-күмбезді типіне жатқызылады. Негізі, бұл сәулеттік нысан екі дәуірде бөлек күмбезді 2 ғимарат етіп тұрғызылып, кейіннен кіре берісіндегі күмбезді-порталды құрылыспен біріктірілген секілді. Өйткені, кесенеге кірген кездегі дәліз көзіңізге солай елестетеді. Ортасындағы негізгі бөлігінің кіші күмбезі биік барабанға орнатылып, артқы фондағы екі күмбезден ерекшелініп көрінеді. Қабырғасы толықтай шаршы күйдірілген кірпіштен қаланған.

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика