2024-09-22

Шырайы келіскен Шымқала

Шымкент қаласы халқының саны бойынша (2019 жылғы дерек 1023,768 мың адам) Қазақстанның ең ірі қалаларының бірі саналса, ал жер көлемі бойынша (1162,8 шаршы шақырым) ең үлкені. Қазіргі таңда бұл қала еліміздің мәдениет пен ғылым, өнеркәсіп пен сауданың, спорт пен туризмнің, ақпараттық және логистикалық, индустриялық, инвестиялық ірі орталық саналады. Әкімшілік-аумақтық басқаруға байланысты 4 ауданға: Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарына бөлінеді.

tories/19122019-9.jpg» border=»0″ />

Қала тарихтың әр толқынында әр түрлі аталған. Ортағасырлардағы кейбір еңбектерде Неджикент, Чеменкент деген деректер кездессе, Қазақ хандығы мен Қоқан хандығы тұсында Шымкент бекінісі, орыс басқыншылығы тұсында Черняев, Кеңес өкіметі кезінде Чимкент деп аталып, тәуелсіздік алғалы Шымкент атауы қайта қайтарылды. Халқының саны 1 миллионнан асуына байланысты 2018 жылдың 19 маусымында республикалық маңызы бар қала мәртебесін алуына байланысты экономикалық-әлеуметтік дамудағы Шымкенттің екінші тынысы ашылды. Сол күн ресми түрде «Қала күні» ретінде аталып өтеді. Келесі жылы да осы датада Шымкенттің 2200 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шеңберінде салтанатты түрде аталып өтіледі.

Шымкент қаласында көрнекті орындар өте көп.

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика