2024-09-22

«Қасірет» мемориалды кешені

Өткен ғасырдың басындағы қуғын-сүргін және аштық құрбандарына арналған мұндай мемориалды кешен Қазақстанның өзге өңірлері мен қалаларында жоқ. Жасыл-желек пен гүлге көмкерілген кешен аумағы 4,5 гектарға жуық (44,364 мың шаршы метр). Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі 30-40 жылдары аралығында дәл осы кешен орналасқан Түлкісайда «Халық жауларын» ату жазасына кесетін жер болған. Шымкент қаласы қуғын-сүргін мұражайының дерегіне сүйенсек, «Қасірет» мемориалында 5 мыңға жуық адам атылған. Оның ішіндегі 4105 адамның құжаты мұражайда сақталған. Кейіннен Албастысай, Қайтпас аталу себебі де осыған байланысты аталса керек.

tories/19122019-10.jpg» border=»0″ />

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика