2024-09-22

«Даңқ» мемориалды кешені

Шымкенттің ескерткіштері

 

Шымкенттегі «Даңқ» мемориалы – 2-ші дүниежүзілік соғысына арналған ТМД елдері аумағындағы ең ірі ескерткіштердің бірі. Кешеннің жалпы аумағы 2 гектарды алып жатыр. Жеңістің 65 жылдық мерейтойына орай салынған кешеннің ортасына «Жұлдыз» ескерткіші орнатылып, айналасындағы гранит қабырғаға облыстан шыққан Кеңес Одағының 51 Батыры мен Даңқ орденінің 8 иегерінің есімі жазылған. 140 мыңнан астам соғыс ардагерлерінің есімдері жазылған екі қапталындағы тақтайшалардың көлемі 200 метр болатын «Даңқ аллеясы» композицияны жалғастырады. Кешен композициясын кәдімгі жауынгерлік ұшақ-ескерткіш қорытындылап тұр.

tories/19122019-25.jpg» border=»0″ />

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика