2024-09-22

ШЫМКЕНТ. ЖЫЛ МАУСЫМДАРЫ. ІС-ШАРАЛАР: «Қошқар ата сейілі» фестивалі. «Наурыз керуен»

Көктем

Жыл сайын көктемнің алғашқы мерекесі – Наурыз мейрамы кезінде Шымкент қаласында «Қошқар ата сейілі» деп аталатын фестиваль өтеді. Қайталанбас бұл сейілдік іс-шараның өзге өңірлерде баламасы жоқ. Қошқар ата өзені жағасында өтетін шара кезінде қой түлігіне қатысты түрлі ойын-сауық, сайыстар мен ұлттық рәсімдер атқарылады. Бұл мерекенің тарихы тереңде жатыр. Ежелгі заманда көктем сәті туғанда көктеуге көшетін көшпелі халық осы маңда құрбандыққа қошқар шалып, төрт түліктің төлдеу науқанына дайындық және жайлауға көшу бағытын талқылайтын болған. Қазіргі уақытта бұл салт жаңарып, өзгеше кейіпте аталып өтілетін дәстүрге айналып отыр.

Қаладағы Наурыз алаңы мен «Құлагер» атшабарында да Наурыз мейрамы ұлттық нақышта аталып өтіліп, «Наурыз керуенге» ұласады.

tories/19122019-49.jpg» border=»0″ />

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика