2024-09-22

«Шымкент – еліміздегі қала ортасында ортағасырлық цитадель орны сақталған жалғыз қала»

Т.Ахметов, Шымкент қалалық Туризм басқармасының басшысы:

— Шымкент қаласының аумағында 2200 жылдық тарихы бар археологиялық көне ескерткіш орналасып, Қазақстан Республикасының  ерекше археологиялық объектілер қатарына «Шымкент қалашығы» енгізілген. Біздің Шымкент – еліміздегі қала ортасында ортағасырлық цитадель орны сақталған жалғыз қала. Бұл орынды туристер толастамайтын Ежелгі Римнің Колизейі секілді танымалдығын арттыру мақсатында біршама шаруалар атқарылуда.

tories/20122019-13.jpg» border=»0″ />

 

«Ескі қалашық» кешені («Цитадель» зәкірлік жобасы) жобасы Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының республикалық деңгейдегі 50 нысан кіретін Туристендіру Картасының нысандар тізіміне енгізу жөнінде ұсыныстар жолданған. Содан «Ескі қалашық» жобасы өңірлік деңгейдегі Туристендіру картасы нысандарының тізбесіне (ТОП-50) енгізілді. Біз бұл мүмкіндікке биыл қол жеткіздік. Өйткені, бұған дейін Шымкент қаласы облыс орталығы болғандықтан қала ішіндегі нысандарды дамыту бойынша республикаға жоба ұсына алмадық. Республикалық Туристендіру картасы былтыр бекітіліп кеткеніне қарамай, картаға «Ескі қалашық» кешенін ендіру туралы тиісті орындарға ұсыныс жолдауды тоқтатпадық. Жыл басында Үкімет басшысы Қ.Маминнің Шымкентке сапары кезінде жобамызды Премьер министрге көрсетіп, жан-жақты дәлелдеуіміздің арқасында ол кісінің қолдауына ие болды. Осылайша «Ескі қалашық» кешенін республикалық Туристендіру картасына ендіру бойынша соңғы мүмкіндікке дейін әрекет етіп, мақсатымызға жеттік.

Ескерткіштерге кешенді ғылыми-зерттеу (археологиялық, сәулеттік, реконструктивті және реновациялық) жұмыстарын жүргізу негізінде  шетелдік туризм инфрақұрылымына қосылатындай етіп ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру мүмкіндігі бар. Қалалық мәдениет басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда ЖСҚ әзірлеу және археологиялық жұмыстар бойынша жоба шеңберінде Шымкент қалашығын туристік инфрақұрылымға қосу, Шымкент қаласының ортағасырлық бейнесін қайта қалпына келтіру және жаңғырту бойынша жұмыстар басталып, 2020 жылы аяқтау көзделген. Музейдің ашылуы 2020 жылдың маусым айына жоспарланған.

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика