Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Еліміздің Тәуелсіздік алған алғашқы күнінен бастап, мемлекет басшымыз бәрімізде тек бір уайым – Қазақстан халқының амандығы және бір мақсат – Отанымыздың гүлденуі екенін атап көрсеткен.  Сонымен қатар, Қазақстан  тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап, сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатын нақтылап, бүгінде бүкіл әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналып келеді.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілген. Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жеморлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Әрбір қоғам дамуының күнгей жағы, көлеңкелі тұсымен қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік қал-ахуалын жақсартып, экономикалық дамудың жоғары деңгейіне жетуіне, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуіне бағытталған шаралар жасалып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейінге тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екенін ұмытпағанымыз жөн!

Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды  адамдар  өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. 

А.Абдиев

Шымкент қаласының ТЖД Кадр саясаты бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика