2024-09-22

Қала аумағындағы өрт гидранттарының техникалық жағдайы қалай?

Мемлекеттік өрт сөндіру бөлімшелері қала аумағында орын алған қандай да бір өрті дер кезінде сөндiру үшін өрт гидранттарын пайдаланады.  Бүгінгі күні Шымкент қаласының аумағында жалпы 4679 өрт гидранты есепке алынған, оның ішінде 3777 көше бойларында («Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС меншігінде 1244 және «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК меншігінде 2533) және 902 жеке меншік объектілердің меншігінде орналасқан.

Шымкент қаласысының Төтенше жағдайлар департаментімен жыл сайын қала аумағында орналасқан өрт гидранттарының техникалық жағдайына тексеру жұмыстарын жүргізіп, қорытындысымен тиісті шаралар қабылданады. Мысалы, 2019 жылдың қорытындысы бойынша қала аумағында жалпы 1423 (35%) өрт гидранты жарамсыз екені анықталды («Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС 261 (20%) және «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК – 1162 (45%)). Бұл жарамсыз өрт гидранттары төтенше жағдайлардың алдын алуға және өртті дер кезінде сөндіруге аса қиындықтар алып келеді. Өйткені, қандай да бір өрт оқиғасы орын алған жағдайда қажетті судың көп мөлшерде қажет екені бәрімізге белгілі. Ал, өрт сөндіру автокөлігіндегі судың мөлшері 2,5 және 5 тонна ғана, яғни өртті сөндіру кезінде өрт сөндіру автокөлігі 1 секунта 40 литр суды беруге мүмкіндігі бар. Сол себептен, 2,5 тонна су 2 минутта жоқ болады. Сондықтан да, өрт сөндіру автокөлігі су біткеннен соң жақын маңдағы өрт гидранттарын пайдаланады.  

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйелерін жарамды жағдайға келтіруді жауапты мекемелер жүзеге асыру қажет. Осыған орай, анықталған жарамсыз өрт гидранттарын қалыпты жағдайға келтіруге ықпал ету бойынша қала әкіміне, прокуратураға және су шаруашылығы мекемелерінің басшыларына хат жолданып, қалалық төтенше жағдайлар комиссиясының өткен отырыстарында кеңінен талқыланды. Нәтижесінде, бүгінгі күні су шаруашылығы мекемелеріне жалпы 12 млн. 836 мың теңге қаралып, қала аумағындағы анықталған 1423 жарамсыз өрт гидрантының 1026 (72%) өрт гидранты жөнделді («Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС 261 (100%) және «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК – 765 (65%). 

Қалған 397 (35%)  жарамсыз өрт гидрантын жөндеу жұмыстары «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК 2020 жылға жоспарлап отыр.

Алдағы уақытта жауапты мекемелер өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйелерін жарамды жағдайға келтіріп, қажетті мөлшерде сумен қамтамасыз етсе, онда мемлекеттік өрт сөндіру бөлімшелері қалада орын алған қандай да бір өртті дер кезінде сөндіруге және өрт көлемінің ұлғаюына жол бермей, адам өмірін аман алып, материалдық құндылықтарды сақтап қалуға үлкен септігін тигізетіні анық.

Жүсіпбаев Қанат Жұмабайұлы  

ШҚ ТЖД бас маманы азаматтық қорғау майоры

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика