2024-09-22

Қызметкер әдебі

Әлемдік мәдениетке бетбұрған бүгінгі жаһандану кезеңінде қоғамның бір бөлігі болып саналатын әрбір адамға тиісті талаптар қойылуда. Сол талаптардың бірі – санасы биік азамат болу. Ал, мемлекеттік қызметте жүрген қызметкерлерге қоғам мен мемлекет тарапынан жоғары сенім артылғандықтан, олардың бейнесіне жоғары әдептілік талаптар қойылады. Бұл талаптар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі арқылы айқындалған.

Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталатындығынан, арбір мемлекеттік органда қызмет атқарып жүрген қызметкер өз бойында адами құндылықтарға негізделген әдеп нормаларын қалыптастыра отырып, ұлттық сананың дамуына өз үлесін қосуы міндетті!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Ұлттық сана» туралы айта отырып, кәсіби тұрғыдан жетілуге ұмтылу қажеттіне де тоқталған. Ал, кәсіби тұрғыдан жетілу, тек өз мамандығын теориялық және практикалық тұрғыда жақсы меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар, өз бойында әдеп нормалары мен мәдениетті қалыптастыруға ұмтылу да қажет болып табылады.

Әдеп нормалары – адамгершілік, шыншылдық, сыпайылық, кішіпейілдік, мейірімділік, мәдениеттілік, көрегендік, имандылық, тағы осы іспеттес жақсы қасиеттермен сипатталады. Ал, осы қасиеттерді отбасында алған тәрбиемен ғана есес, сонымен қатар, өз бойында осы қасиеттерді қалыптастыруға ұмтылумен, жаман әдеттерден арылып, өзін-өзі тәрбиелеумен де қол жеткізуге болатыны анық. «Арлы, ақылды адам қиянат, зорлық жасамайды, өзімшілдік пен мақтанды сүймейді», деп ақын, жазушы әрі философ Ш. Құдайбердіұлы айтқандай, адами қасиет негізінде құрылған Әдеп кодексіндегі мінез-құлықтың стандарттарын ұстанатын қызметкерден халық та мемлекет те көркем мінезділікті күтеді. Сондықтан да, әрбір қызметкер өзіне артылып отырған жауапкершілікті сезіне отырып, әдепті, мәдениетті және арлы болуға ұмтылғаны жөн!

Сәуле Шүкірқызы Жарияқұл

Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің Кадр саясаты бөлімінің бас маманы

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика