Түркістанда жаңа мөлтек аудан пайда болады

2020 жылдың соңына дейін «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Түркістан қаласында 25 тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. «Түркістан» ӘКК басшылығы мен құрылыс компаниялар өкілдерінің қатысуымен өткен жиында «Сырдария» және «Арман» тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяқтау мәселелері талқыланды.

Келіссөз барысында құрылыс салушылардың үй құрылысын аяқтау үшін қаржының жетіспеушілік мәселелері бар екені анықталды. Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап қаржыландыру шарттарын анықтап, нақты механизмдерін мақұлдады.

Сатуға арналған құрылысы жүріп жатқан объектілер алаңының жалпы көлемі 58 мың шаршы метр, ал жалпы сомасы шамамен 10 млрд. теңгені құрайды. Жаңа шағын ауданның пайда болуы 800-ден астам жас және көп балалы отбасыларға биыл баспаналы болуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетсек, 2019 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Түркістан – жаңа қала» шағын ауданында 6 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Ал 2020 жылы 25 көпқабатты үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

«Түркістан» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика