2024-09-22

Кәсіп бастаған келіншек

Нарық заманында табыс табудың оңтайлы жолы – кәсіп. Кәсіппен айналыссаңыз, «Үкімет не береді?» деп қарап отырмайсыз. Бар ынтаңыз ісіңіздің жүруі мен кірісіңіздің артуында болады. Қарабұлақтық Мунира Марасулова сондай жандардың бірі.

Өзі жап-жас болса да 100 адамдық тамақтану орнын жалға алып жүргізіп отыр. Қасына бірнеше адамды жұмысқа алып, тамақтың түр-түрін істеуде. Атап айтсақ, бризоль, катлет, бифштекс, дымлама, фурнирлет, сорпа, тұшпара. Бұдан өзге де дәмді тағамдарды жасайтын Мунираның дәмханасына күніне кем дегенде 50-60 адам кіріп, тамақтанып кетеді екен. «Ник-Фаст» деп аталатын дәмханада келушілерге «мужской каприз» «оливье», «француз», «жеміс», «қызылша» салаттары да ұсынылады.

Ал, дәмхана басшысының өзі торт пен түрлі дәмді бәліш пісіріп сататындарын да айтты. Өйткені, ғимараттың ай сайынғы ақысы мен электр жарығы секілді шығындарды жабу керек. Оның үстіне, аспаздарға да ай сайын жалақы төленуде. Мунираның өзі ұжымдағы ең жас маман екен. Алға қойған мақсаты – келешекте өз алдына жеке дәмхана ғимаратын тұрғызып алу. Кәсібінің ауырлығы мен қиындығына қарамастан талмай еңбек етіп, арманына жететініне сенімді.

Сұңқар САЛАУАТ

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика