2024-09-20

Шымқала ұйымшылдықпен тазаланды

29-ақпан күні Шымкентте жалпы қалалық сенбілік өткен болатын. Оған шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтен бастап әкімшіліктің қызметкерлері де қатысты. Сонымен бірге, бұл ортақ іске қала тұрғындары да белсене атсалысқанын айта кеткен жөн.

Алдын бастап арық-атыздар, көшелер тазаланып, соңынан ағаш көшеттері отырғызылды. Отырғызылған көшеттер арасында үйеңкі, Қырым және Эльдар қарағайлары бар. Ағаш көшеттері егілген тұстар – Н.Назарбаев даңғылы мен Орман шаруашылығы алабындағы көше және Қошқар ата өзені жағасы мен Дендробақ.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов өз кезегінде баршамыздың өзіміздің тұрған жерімізді таза ұстауға, сенбілік мәселесінде ұйымшыл болуға шақырды. Сөзінен өзінің сол күні атқарылған жұмыс барысына разы екенін білдік.

Ал журналистерге сұхбат берген Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Қаттабеков:

— Бүгінгі жалпықалалық себілік қала әкімінің тапсырмасына сәйкес өтуде. Бұл игі іске 9 мың 700-ден аса адам шығадлы деп күтілген. Алайда, 10 мыңнан аса адам сенбілікке шыты. Тұрғындардың көп шығуының себебі біз қала таалығына атсалысуын сұрап, КСК басшылары мен көше және үй төрағаларымен алдын-ала сөйлестік. Мұнан бөлек, аудандағы барлық коммерциялық нысадардың иелері болып табылатын кәсіпкерлерге хабарлама жібергенбіз. Олар да өздерінің қарамағындағы қызметкерлерін ертіп шығып, тиісті жұмыстарды атқарды. Әрі Қаратау ауданына 2 мың көшет отырызылғанын айта кету керек, – деді.

Иә, шаһарымызды таза ұстауда белсенді болайық. Әрдайым, сенбілікке қатысыңыз!

Т.БОРАЛДАЙ

Яндекс.Метрика