Шымкент қаласындағы Түркістан көшесінде жөндеу жүреді. Бұл жөнінде Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы хабарлады.
Басқарманың парақшасындағы мәлімет бойынша, Шымкент қаласының көлік инфрақұрылымы қызметін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жөндеу жұмыстары 2020 жылдың 24 наурызынан бастап, Түркістан көшесінің А.Байтұрсынов көшесімен Д.Қонаев даңғылы аралығында жүреді. Сондай-ақ, хабарламада жөндеу жұмыстары кезінде уақытша көлік қозғалысына шектеу қойылатыны хабарланған.
«Қызмет-Ақпарат»
Больше историй
СТРОИТЕЛЬСТВО АЭС ДАСТ ИМПУЛЬС РАЗВИТИЮ БИЗНЕСА — РАИМБЕК БАТАЛОВ
САУАЛНАМА ҚАНША АДАМНЫҢ АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАЙТЫНЫН КӨРСЕТТІ
Ұлттық құндылықтарды қалай дәріптейміз: қоғам немесе ата-ана?