2024-09-20

Колледж студенті қашықтан оқып жатыр

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Мамытбеков пен қалалық білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева онлайн білім беру жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты баяндама жасады.

Шымкентте техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны 30 (11 мемлекеттік, 19 жеке меншік) болса, олар ағымдағы жылы 16 наурыздан бастап қашықтан оқыту форматында білім беруге көшкен. Атап өтер болсақ, «College SmartNation» қашықтан оқыту платформасында 28 колледж, ал «Portal» оқыту платформасында 1 колледж жұмыс істей бастаған. Жалпы, коледждерде білім алатын студенттер саны – 26 308 болса, оның ішінде Шымкент қаласынан 16 311 (62,2 %) студент, басқа елді мекендерден 9 997 (37,9%) студент, іс-тәжірибеде жүргендері 2 836 студент және сырттай білім алатындары 879 студент екен. Сондай-ақ, онлайн жүйесімен 17 166 (65%) студент, оффлайн жүйесімен 3 198 (12%) студент, ұялы байланыс (WhatsApp) арқылы 5 944 (23%) студент оқытылып жатса, ал 19 жеке колледждерде «College SmartNation» қашықтан оқыту платформасымен оқыту 16 наурыздан басталған.

«Бұл бағытта, өзекті мәселелерді шешу жолдары да қарастырылуда. 12 жеке меншік колледжде басшылық, мұғалім тәжірибесі, интернет жылдамдығының төмендігінен кері байланыс, теориялық, практикалық, үй тапсырмасы, сабақ кестесі, пәндер толымдылығы бойынша мәселелер жоқ емес. Алайда, оның шешу жолдары бойынша «Қазақтелеком» АҚ-на тапсырма беріліп, платформа авторларымен онлайн режимде оқу семинарлары ұйымдастырылуда» — дейді Ж. Тәжиева.

«Қызмет-Ақпарат»

Яндекс.Метрика