2024-09-20

Шымкент көшелері жөнделіп жатыр

Шымкент қаласының көлік ағыны көп бірнеше көше-даңғылдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы фейсбук әлеуметтік желісіндегі қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ресми парақшасында жарияланды.

«Құрметті қала тұрғындары! Шымкент қаласының көлік инфрақұрылым қызметін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар көшелерде орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — делінген басқарма парақшасындағы хабарламада. Сәуір айында басталған жөндеу жұмыстары Республика даңғылы (Б.Момышұлы көшесінен Қазығұртқа шыға берістегі бекетке дейін), Ю.Гагарин көшесі (Абай даңғылынан Ермат ата көшесіне дейін), Түркістан көшесі (Адырбеков көшесінен Әл-Фараби алаңына дейін), №1 автожолы (айналма жолдан «Оңтүстік» индустриалды аймағына дейін) және Ордабасы алаңы аумағында атқарылып жатыр.

С.Дүйсебайұлы

Яндекс.Метрика