Су иесі -Сүлеймен!

Табиғатпен алысып, ағып жатқан өзенді буып су қоймасын салудың кесірі міне осы қаншама адам баспанасыз, күн көріссіз қалды. Суды пайдаланудың Орталық Азияға ортақ жаңа концепциясы керек. Егер су қоймасын салады екенсің, оның мүмкін шығыны да салушының мойнында болуы керек.

Жалпы, өзенді бууды тоқтатпаса болмайды. Құдайдың жаратқан табиғаты — ұлық! Суды байлау ол адамның техникаға сеніп Құдайдан да асқақтап кеткенінің бір көрінісі. Енді, міне, көріп отырмыз нәтижесін. Табиғат қашанда адмнан күшті, түптің түбінде өзінің есесін алмай қоймайды. Біз өзіміздің ата-бабаларымыздың суды пайдалану тәжірибесіне көшуіміз керек. Ешқашан ағып жатқан, тірі өзенді алдынан буып, байлауға болмайды. Ол тірі ағза! Алдынан буып, бөгет -плотина салып қаншама өзенді құрттық.

Қазіргі уақытта Арқада буылмаған бір өзен қалған жоқ — Нұра, Өлеңті, Шідерті т.б. Енді міне Сырдария! Су керек болса көктемде су көтерілгенде тоған қазып соған түсіріп ал керек суыңды. Бұрын ағып жатқан суға қара бура құрып суды керегінше түсіріп алатын болған. Соны жаз бойы пайдаланады, ол жетпесе шығырмен көтереді. Ертеде бір шығыр жетпесе қос шығыр, тіпті үш шығырды пайдаланады, бірінен біріне сатылап суды көтереді. Біздің ата-бабаларымыз «Су иесі — Сүлеймен» деп судан қорқатын еді, су иесіне жалбарынатын еді. Қазір оның бірі жоқ. Соның кесірін қаншама бейнетқор жан көріп жатыр! Егінін су басты, малы суға батты, боқ дүниесі қалды судың иелігінде. Бұл апаттан бас аман болып шығармыз, бірақ болашақта ойланып барып іс қылу керек!

Жамбыл Артыкбаев

Профессор

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика