2024-09-22

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Жастар — еліміздің болашағы. Жастарды ел игілігі үшін еңбек етуге,  патриоттыққа баулу, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу – бұл, азаматтық қорғау органдарында да  басты мақсаттардың бірі болып табылады.  Осы орайда,  спортты дамытуда, оған жастарды тартуда  орасан үлкен  жұмыстар  атқарылуда.

Әсіресе өрт сөндіру-құтқару спортын ерекше атап өтуге болады.  Бұл спорт түрі өрт сөндірушілердің қызметімен тікелей байланысты. Кедергілер арқылы жүгіру, оқу-жаттығу мұнарасына иінді сатымен шығу, өрт сөндіру-құтқару  эстафетасы-бұлардың барлығы да  өрт сөндірушілердің күнделікті тілсіз жаудан адам өмірі мен олардың материалдық құндылықтарын арашалау кезіндегі іс-қимылына негізделген.

Шымкент қаласында да әлемдік деңгейге жеткен бұл спорт түрі жақсы дамыған. Төтенше жағдайлар департаментінің ерлер, әйелдер және жас өспірімдер құрама  командасы осы уақытқа дейін өздерін жақсы жағынан көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Бұған дәлел  Қазақстан Республикасының өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша құрама командасының  тең жартысынан көбі біздің команда мүшелерінен жасақталғаны. Ал Ұлттық әйелдер құрама командасының бапкері Шымкент қаласының Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісінің орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Д. Абдухаликов. Өткен жылы Ресей Федерациясы Саратов қаласында өткен Әлем Чемпионатында да  Данияр Абдувалиевич баптаған спортшылар жүлделі орынға ие болды.

Дәл осындай өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем Чемпионаты 2020 жылы қыркүйекте елімізде өтпек. Қарағанды қаласында өтететін бұл чемпионатқан  спортшыларымызбен қоса елімізде үлкен дайындық үстінде. Әрине, жауапкершілігі мол шара. 20-дан аса  елден, 400-ден астам спортшы қатысатын  әлем чемпионатында бірден екі іс-шара  қамтылмақ. Яғни өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XVІ әлем чемпионаты мен әйелдер арасындағы VIІ әлем чемпионаты өтпек.

Салауатты өмір салтын ұстану, онымен қатар, ел игілігі үшін қызмет атқару  баршамыздың борышымыз!

А. А. Бейсембаев

Шымкент қ. ТЖД   «Өрт сөніру және авариялық- құтқару жұмыстары қызметі»    мемлекеттік мекемесінің  бастығы азаматтық қорғау полковнигі

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика