2024-09-20

«Бекжандағы» өрт сөндірілді

2020 жылдың 9 маусымында сағат 15:13-де 101 пультіне «Бекжан» автовокзалының тұрағында дүнгіршіктер өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті . Шақырту орнына келген бетте киім-кешек пен аяқ киім сататын дүнгіршіктердегі өрт расталды.

Ашық жалын «Бекжан» автовокзалының екінші қабатына жетті. Екінші қабаттан дер кезінде 30 автокөлік эвакуацияланды. Өрт орнында жеке құрамнан 45 адам және 7 бірлік техника жұмыс істеді. Өрт сағат 15: 36-да оқшауланып, сағат 15: 43-те сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Материалдық залалдың себептері мен мөлшері анықталуда.

Шымкент қалалық ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Яндекс.Метрика