2024-09-20

44 КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Үшінші мегаполисте «Shymkent» ӘКК» АҚ жалпы ауданы 146 мың шаршы метрден астам 44 көп қабатты тұрғын үй салуда. Оның ішінде «7-20-25» бағдарламасы аясында 24 үй (ондағы пәтер саны 1016), ал бюджет қаржысымен жалпы пәтер саны 1213 болатын 20 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп отыр. Бұдан бөлек, көпқабатты тұрғын үйлерге жапсарлас әлеуметтік, тұрмыстық, сауда-саттық және ойын-сауық орталықтары да ескерілген.

Құрылысы басталған тұрғын үйлер «Тұран», Асар-2, «Шымкент сити», «Шығыс» шағынаудандары мен әкімшілік-іскерлік орталығында және Водопьянова көшесінде салынуда. Бұл тұрғын үйлердің 24-і маусым айының соңында пайдалануға берілсе, 17-і жылдың соңына қарай тапсырылады. Қалған үш тұрғын үй құрылысы келер жылға өтпелі.

Бұл пәтерлердің 1 шаршы метрі 225 000-250 000 теңге аралығында сатылмақ. Таңдаған пәтер құнының 20 пайызы болса, қалған қаржыны банк арқылы «7-20-25» бағдарламасымен 7 пайызға, 25 жылға дейін рәсімдеуге болады.

Яндекс.Метрика