2024-09-20

Жаңа қоқыс контейнері әр үйге

Шымкент қаласының орталығына жайғасқан Әл-Фараби ауданы аумағындағы Түркістан шағынауданы, Жанқожа көшесіндегі жеке тұрғын үйлерге қоқыс контейнерлері қойылды. Бұл жөнінде аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов фейсбук әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында бөлісті.

Аталған контейнерлер сол аумаққа қызмет көрсетуші «ЭкоСпецТранс» ЖШС орнатты. Сондай ақ, аудан аумағында қоқыс шығарумен айналысатын мекемелелерге, ауданның басқа да аумақтарындағы жеке үйлерге қоқыс контейнерлерін орнату бойынша ұсыныс енгізілді деп хабарлайды Ғ.Мәуленқұлов.

Яндекс.Метрика