2024-09-20

«Оңтүстіктің» («Чапаевканың») жолы жөнделіп жатыр

Шымкент қаласының көлік инфрақұрылым қызметін қамтамасыз ету мақсатында, мердігер мекеме «Қазығұрт-Проект» ЖШС-нің тарапынан М.Тайманұлы (Қапал батыр көшесінен Дамбовый көшесіне дейін) орташа жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының фейсбуктегі ресми парақшасы мәлімет таратты.

Басқарманың хабарлауынша, М.Тайманұлы (Қапал батыр көшесінен Дамбовый көшесіне дейінгі) бөлігіне жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, ағымдағы жылдың 24 маусымынан бастап 2 шілдеге дейін жол жабылады.

Яндекс.Метрика