2024-09-20

«IKOMEK» орталығы тәулігіне үш мың қоңырау қабылдайды

Шымкентте қала тұрғындарының сауалдарына жауап беретін жаңа орталық жұмысын бастады. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кез келген сауалдарыңызға осы 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы жауап ала аласыз.

Орталық тәулігіне 3000 қоңырау қабылдауға қауқарлы. Қажет болған жағдайда 5000 азаматқа дейін қызмет көрсете алады. Ол үшін 26 қызметкер тәулік бойына жұмыс жасауда.

iKomek орталығы барлық емханалармен ыңғайластырылып ақпараттандырылған. Сондықтан да инфекциялық ауруларға қатысты сауалыңыз болса, бірден 109 нөміріне хабарласыңыздар.

Сонымен қатар, iKomek орталығының 87777109109 ватсап нөміріде сіздер үшін тәулік бойына қызмет етеді. Қай кезде болса да сауалдарыңызға жауап беруге дайын.

Яндекс.Метрика