2024-09-20

Көпірлер жөнделіп жатыр

Шымкент қаласының көлік инфрақұрылым қызметін қамтамасыз ету мақсатында Маятас және Тоғыс тұрғын алаптарындағы Бадам өзені үстінен өтетін көпірлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарлама жарияланды.

«Осыған байланысты, 2020 жылдың 13 маусымынан 1 қазанға дейін Маятас және Тоғыс тұрғын алаптарындағы Бадам өзені үстінен өтетін көпірлерде уақытша көлік қозғалысына шектеу қойылады. Уақытша келтірген қолайсыз жағдайлар үшін кешірім сұраймыз» делінген хабарламада.

Яндекс.Метрика