2024-09-20

Биыл топырақ жолдардың барлығына тас төселеді

Қала ішіндегі аудандық маңызы бар жолдарға тоқтала кетсек, жалпы 2017-2020 жылдар аралығында 6 автомобиль жолдарының құрылысы іске асырылса, оның бесеуін биыл қолдануға тапсыру қаралған. Олардың жалпы құны 6,8 млрд теңге, ал ұзындығы 18,6 шақырымды құрайды. 2020 жылы 9,8 млрд теңгеге 21 аудандық маңызы бар көшелердің жұмыстары атқарылып жатыр. Олар: Түркістан, Адырбеков, Республика, Құрманбеков, Рысқұлов, №1 автомобиль жолдары және т.б. көшелерде орташа және қайта құру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Осы жолдардан 19 көшесін биыл қолданысқа тапсыру жоспарланған.

Жөндеу жұмыстарынан ішкі орам жолдары да ұмыт қалмай, биыл 296 шақырым көшеге күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, 112 шақырым тіркелген топырақ жол болса, соның барлығы биыл шағал-тас төселетін болады. Бұл мақсатта бюджеттен 8,2 млрд теңге қаржы қаралса, бүгінгі таңға топырақ жолдың 30 шақырымына шағал төселген. Жолаушы тасымал саласы бойынша айтар болсақ, Шымкент қалалық қоғамдық жолаушылар тасымалдау саласында 24 көлік компаниясы қызмет атқарып келеді. Күнделікті 76 маршрутта 1047 көлік қызмет көрсетеді. Қалада 4 автовокзал және 2 автобекет болса, 11 тасымалдаушы 13 ауданаралық және қалааралық маршруттарда қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, қаланың шалғай шағынаудандарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 28 әлеуметтік маңызы бар маршруттар қызмет етіп келеді.

Яндекс.Метрика